Шымкенттегі кафелердің бірінде ер адам танысына оқ жаудырды

15:20, 22 қазан 2024

© Сурет: рixabay

Шымкенттегі кафелердің біріндегі атысқа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнесі Kozachkov offside парақшасында пайда болды. Бір үстел басында отырған ер адамдар арасында жанжал туындаған, артынша біреуі травматикалық қаруды алып, қарсыласының бетіне екі рет оқ жаудырды. Абырой болғанда, жәбірленуші аман қалды. Қазір ауруханада. Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды: қару-жарақ бұзақылығы және қаруды заңсыз сатып алу/сақтау. Күдіктіні сот тергеу кезеңінде қамауға жібермеді, 16 млн теңгемен кепілге шығарды.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі "ер адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалғанын" хабарлады.

"Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды, сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", — деді ПД.

Бұған дейін Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!