Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты

13:53, 12 ақпан 2026

© Фото: pexels

Шымкентте жолдың жүріс бөлігіндегі ауызша жанжал жаппай төбелеске ұласты. Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғамдық тәртіпті бұзу жайты бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бүгінде үш күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұстау сәтінде түсірілген бейнежазбаны да қоса жүктеді.

"Қазіргі таңда тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Әрбір қатысушының әрекетіне принципиалды құқықтық баға берілетін болады",- деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Мұнымен қоса, құқық қорғау органы келесідей үндеу де жасады.

"Жол үстінде күш қолдану арқылы мәселені шешу – қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай агрессия көріністері жедел тоқтатылатын болады. Әрбір кінәлі тұлға заңда көзделген жауапкершілікке тартылады",- деп ескертті.

Бұған дейін Шымкентте 10 жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлап көз жұмғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!