Астанада ертең оқушылар мен кейбір студенттер қашықтан оқыту форматына көшіріледі
© Сурет: unsplash
Астана қалалық білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар үшін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 12 ақпанда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", деп хабарлайды елорданың білім басқармасы.
Ал екінші ауысымдағылар үшін мәлімет ертең анық-қанық болатыны нақтыланады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың 12-14 ақпанына арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы үш күнде Астанада қатты аяз болады, ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын мен боран түрінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:08, 11 ақпан 2026
«Қайрат» футбол клубының құрамы тағы бір легионермен толықты
-
22:50, 11 ақпан 2026
Қарағанды облысында мұз жарылып, отбасылы жұп көлігімен бірге өзенге батқан
-
22:28, 11 ақпан 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады, аяз болады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:27, 11 ақпан 2026
Талғар қаласының әкімі отставкаға кетті
-
20:51, 11 ақпан 2026
Таиландта жас жігіт мектепке шабуылдап, адамдарды кепілге алды





