Астана, Алматы, Шымкент: 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың 12-14 ақпанына арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы үш күнде Астанада қатты аяз болады, ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын мен боран түрінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана бойынша ауа райы болжамы
- 12 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -24...-26°С, күндіз: -16...-18°С.
- 13 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -25...-27°С, күндіз: -12...-14°С.
- 14 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -21...-23°С, күндіз: -8...-10°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
- 12 ақпан: аспан бұлтты, кейде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: 0...+2°С.
- 13 ақпан: аспан бұлтты, түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +1...+3°С.
- 14 ақпан: аспан бұлтты, түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктағақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +3...+5°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
- 12 ақпан: аспан бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +3...+5°С.
- 13 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +7...+9°С.
- 14 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады. Кейде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +8...+10°С.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 2026 жылғы 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:10, 11 ақпан 2026
Тоқаев азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
-
18:59, 11 ақпан 2026
Олимпиада-2026: Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартты
-
18:53, 11 ақпан 2026
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күнде төрт алтын медаль алды
-
18:06, 11 ақпан 2026
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды
-
18:02, 11 ақпан 2026
Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды





