Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелер бойынша қарызы 14 млрд теңгені құрайды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 12 ақпанда Мәжілістегі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет отырысында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелер бойынша берешек сомасын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол министрлік тарапынан келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп отырғанын айтты.
"2025 жылы жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайтын 167 хабарлама жолданды. Оның 3 млрд теңгесі сол жылдың өзінде өтелді. Бүгін қаралып отырған төрт компанияға 4 өндіру келісімшарты бойынша жалпы сомасы 8 млрд теңгені құрайтын 4 хабарлама тиесілі", – деді Ақбаров.
Оның айтуынша, көмірсутек саласында барлығы 321 жер қойнауын пайдалану келісімшарты қолданыста.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 5,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде ел ішіндегі үлес 3,03 трлн теңге немесе 58,1 пайыз болды. Бүгін тыңдалған компаниялар бойынша сатып алу көлемі 231 млрд теңгені құрап, оның 173 млрд теңгесі немесе 74,8 пайызы отандық үлеске тиесілі", – деп қосты вице-министр.
2025 жылғы 30 желтоқсанда Президент жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 12 ақпан 2026
Қазақстанда ата-анасыз балаға паспорт қалай рәсімделеді
-
15:54, 12 ақпан 2026
Қазақстан бюджеті мұнайға тәуелділіктен арылып келеді: 2025 жылдың қорытындысы
-
15:48, 12 ақпан 2026
12 ақпанда доллар бағамы өсті
-
15:32, 12 ақпан 2026
Қазақстанда кейбір арнайы экономикалық аймақтардағы қызмет түрлері кеңейтілді
-
15:27, 12 ақпан 2026
Қазақстандықтарға көше атауы өзгерген жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді





