Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күнде төрт алтын медаль алды

18:53, 11 ақпан 2026

© Сурет: telegram/DRSQazaqstan

11 ақпан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері үшін жемісті күн болды, отандық спортшылар бірден жоғары сынамадағы төрт медальды ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел туын желбіретті. Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұығырының бірінші сатысына көтерілді. Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ 50 метрден кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев топ жарды.

Үшінші алтын медаль командалық сайыста үздік шыққан Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновскийлер жұлып алды.

Сондай-ақ 25 метрден жылдам атылатын тапанша бәсекесінде де Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов қарсылас шақ келтірмеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!