Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 11 ақпанда Ақорданың баспасөз қызмет хабарлады.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10-тармақшасына және "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес Қаулы етемін:
- 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
- Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
- Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:26, 11 ақпан 2026
2026 жылғы қысқы Олимпиада: фристайл-могулдан қазақстандық спортшы қыздар жарысты аяқтады
-
19:19, 11 ақпан 2026
Ерлан Қарин: жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
-
19:10, 11 ақпан 2026
Тоқаев азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
-
18:59, 11 ақпан 2026
Олимпиада-2026: Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартты
-
18:53, 11 ақпан 2026
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күнде төрт алтын медаль алды





