Шығыс айналма автомобиль жолында қымбат көліктерден тұратын кортеж ойына келгенін жасаған - видео
© Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде кең тараған қымбат көліктерден тұратын кортеж видеосы полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында алматылық полиция қызметкерлері сән-салтанатымен көзге түскен автокортеж түсірілген бейнежазбаны анықтады.
"Тексеру нәтижесінде жүргізушілердің Шығыс айналма автомобиль жолымен (ВОАД) солтүстік бағытта қозғалу кезінде жол қозғалысы ережелерінің бірқатар талаптарын бұзғаны белгілі болды. Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері қысқа мерзім ішінде автокортежге қатысқан барлық жүргізушінің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты", деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 17 шілдеде.
Жүргізушілерге қатысты мына бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылды:
- жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай туғызғаны,
- жолда жасанды кептеліс ұйымдастырғаны,
- заңсыз қараңғылатылған әйнегі бар көлікті басқарғаны
- қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін.
Алматы полициясы ескертеді: көліктің құнына, жүргізушінің мәртебесіне немесе қоғамдағы танымалдығына қарамастан, жол қозғалысы ережелерінің талаптары баршаға бірдей және оларды бұлжытпай орындау міндетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:13, 7 тамыз 2026
«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Комитет мәлімдеме жасады
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады





