Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды
© Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Абай облысының Бородулиха ауданында 16 шілде күні тұтанған ірі орман өртін сөндіруге қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тілсіз жауды ауыздықтау өрт қаупінің аса жоғары деңгейі, аптап ыстық пен жетуі қиын жер бедері салдарынан күрделене түсті.
Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары да жұмылдырылды.
Өрттің ең күрделі ошақтарын сөндіруде су төгу құрылғыларымен жабдықталған армиялық авиация экипаждарына үлкен жауапкершілік жүктелді. Әскери ұшқыштар өрт ошақтарына әуеден су төгіп, жердегі бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап келеді.
Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары өрт ошақтарына 57 тонна болатын 30-дан аса мәрте су төкті. Авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралу қарқыны бәсеңдеп, жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулауына мүмкіндік туды.
Төтенше жағдайды жою үшін Қорғаныс министрлігінің екі Ми-17 және бір Ми-171Ш тікұшағы жұмылдырылды. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен және басқа да тиісті қызметтермен бірлесіп, өртті сөндіру, елді мекендер мен орман қорын қорғау жұмыстарын атқарып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





