Мейірбике кейпіне еніп, жаңа туған сәбиді ұрлап кетпек болған күдікті ұсталды
© Фото: pexels
Бразилияда шақалақты ұрлап кептек болды деген күдікпен перзентхана қызметкері ұсталды. Оқиға 6 шілде күні Пиауи штатындағы Dona Evangelina Rosa перзентханасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
People басылымының мәліметінше, күдікті әйел аталған медициналық мекемеде медициналық техник болып жұмыс істеген. Алайда оқиға болған күні ол жұмыс ауысымында болмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел өзін медбике ретінде таныстырып, жаңа туған нәрестенің туыстарына медициналық тексеруге көмектесетінін айтқан.
Сәбидің нағашы әпкесінің айтуынша, күдікті нәрестені перзентханадағы бөлмелердің біріне алып кеткен. Біраз уақыттан кейін ол бөлмеден сәбисіз, бірақ қолына үлкен қара сөмке ұстап шыққан. Бірден күмәнданған әйел сөмкенің ішін тексеріп көргенде, шақалақтың жатқанын анықтаған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған бейнебақылау камераларының жазбасында әйелдің медициналық киіммен үлкен қара сөмкені көтеріп жүргені, сондай-ақ қызыл көрпеге оралған сәбиді алып бара жатқан сәті анық көрінеді. Осыдан кейін күдікті киімін ауыстырып, ауруханадан шығып кетуге әрекеттенген. Алайда оның жоспары жүзеге аспай, әйел ұсталды.
Қазір тергеушілер бұл оқиғаны сәбиді ұрлауға әрекет жасау дерегі бойынша тексеріп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті бұл әрекетті жалғыз өзі жасаған.
Тергеу барысында әйелдің үйіне тінту жүргізіліп, онда нәрестеге арналған бөлменің толық дайындалып қойғаны анықталған. Туыстары оның жүкті екенін айтып жүргенін жеткізген. Алайда құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел шын мәнінде жүкті болмаған. Күдіктінің қорғаушылары оның шизофрения белгілері болуы мүмкін екенін алға тартуда. Дегенмен тергеу әзірге әйелді психикалық ауруға шалдыққан деп таныған жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 17 шілде 2026
«Мұндайды күтпедім»: Германиялық саяхатшы Қазақстанның сұлу табиғатын әлемге паш етті
-
11:51, 17 шілде 2026
ЖИ, киберқауіпсіздік және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы академияны трансформациялаудың негізі
-
11:41, 17 шілде 2026
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды
-
11:29, 17 шілде 2026
Алматыда BMW көлігі Өнер музейі алдындағы сәндік шарға соғылды - жас жігіт пен бойжеткен ауруханаға түсті
-
10:54, 17 шілде 2026
Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады





