ШҚО-да 22 мыңға жуық бала енді қоғамдық көлікпен тегін қатынайды

15:53, 12 тамыз 2020

Үстіміздегі оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 3 764 бала мектепке дейінгі мекемелерде білім алғаны үшін қаражат төлеуден босатылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алатын болды.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру аясында 2020 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!