«Шаңды дауыл, тұман, найзағай». Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

20:30, 18 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

19 сәуірде Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Түркістанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады, күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Талдықорғанда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Ақмола облысында түнде солтүстік-батыстан, облыстың солтүстік-шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда оңтүстік 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!