Шалқардағы жанжал кезінде студент жасөспірімді пышақтап өлтірген
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында Шалқар қаласында топ болып төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген 18 жастағы студентке қатысты сот үкімі шықты. Кәмелетке толмағанды өлтірді деп айыпталған сотталушы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" газетінің жазуынша, Шалқар қаласының 18 жастағы тұрғыны, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бірінші курс студентіне қатысты сот осындай үкіммен аяқталған.
Ол кәмелетке толмаған баланы бұзақылық ниетпен өлтірді деп айыпталған.
"Сотталушы қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағанын ескере отырып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол қаза тапқан жасөспірімнің ата-анасына моральдық зиян үшін 15 миллион теңгеден, материалдық шығын мен адвокат қызметіне кеткен шығын ретінде 2 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге тиіс", – делінген хабарламада.
Сот процесінде сотталушы өзін-өзі қорғағанын айтып, осы нұсқаны ұстанған. Алайда айыптау тарапы оның бұл мәлімдемесін жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп бағалаған. Ал қаза болған жасөспірімнің ата-анасы айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Қайғылы оқиғаның құрбаны 17 жастағы Әлихан Жәнібек болды. Ол әскерде қызмет етіп, кейін жоғары оқу орнына түскісі келген. Алайда 20 наурызға қараған түні "аудан-аудан" болып жанжал кезінде кеуде тұсына аңшылық пышақ сұғылып, қаза тапқан.
Жанжал "Маяк" пен "Рабочий" аудандарының жасөспірімдері арасындағы қақтығыстан басталған. Таныстарының жарақат алғанын естіген 18 жастағы студент Оралдан Шалқарға оралып, өз тобымен бірге қарсы тараппен кездесуге барған. Кездесу соңы адам өліміне әкелген.
Сот процесінің қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментіне қатысты жеке қаулы да
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 25 қыркүйек 2026
«Кінәлілер қатаң жазаланады»: қаза тапқандардың отбасыына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды
-
22:48, 25 қыркүйек 2026
Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды
-
22:00, 25 қыркүйек 2026
Жол апатынан 21 жастағы қазақстандық екі аяғынан айырылды: кінәлі жүргізуші рақымшылыққа ілікті
-
21:04, 25 қыркүйек 2026
Макрон, Әлиев, Лукашенко: Каспийдегі қазаға байланысты Тоқаевқа кімдер көңіл айтты
-
21:01, 25 қыркүйек 2026
Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров АҚШ-та нені талқылады





