Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.
Президент марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны айрықша атап өтілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:27, 25 қыркүйек 2026
Танымал модельдің денесі бұрынғы сүйіктісінің көлігінен табылды
-
22:48, 25 қыркүйек 2026
«Кінәлілер қатаң жазаланады»: қаза тапқандардың отбасыына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды
-
22:22, 25 қыркүйек 2026
Шалқардағы жанжал кезінде студент жасөспірімді пышақтап өлтірген
-
22:00, 25 қыркүйек 2026
Жол апатынан 21 жастағы қазақстандық екі аяғынан айырылды: кінәлі жүргізуші рақымшылыққа ілікті
-
21:04, 25 қыркүйек 2026
Макрон, Әлиев, Лукашенко: Каспийдегі қазаға байланысты Тоқаевқа кімдер көңіл айтты





