«Кінәлілер қатаң жазаланады»: қаза тапқандардың отбасыына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды

22:48, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568966

© Сурет: facebook.com/orynbasar.sejdov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.

Кінәлілер қатаң жазаланады – қаза тапқандардың отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 22:48

Сурет: facebook.com/orynbasar.sejdov

Президент марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны айрықша атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласында Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына әкеп соққан төтенше жағдайдың себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысы өткенін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!