Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров АҚШ-та нені талқылады

21:01, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568956

© Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

"Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды", – делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!