Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентіне көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр
© Фото: akorda.kz
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды:
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.
Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 25 қыркүйек 2026
Бибісара Асаубаева Үндістанмен болған тартысты ойынның нәтижесіне қатысты пікір білдірді
-
12:43, 25 қыркүйек 2026
Каспийдегі қайғылы оқиға: үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді
-
12:40, 25 қыркүйек 2026
Қалыңдық үйлену тойында асабамен көңіл қосып, жаппай төбелес шығарған
-
12:33, 25 қыркүйек 2026
Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды
-
12:25, 25 қыркүйек 2026
Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан форум бір минут үнсіздікпен басталды





