Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді
© Сурет: United world wrestling
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық сапарларға әсер етіп отырған қазіргі геосаяси жағдай мен өзге де қиындықтар қарастырылды.
Бастапқыда әлем чемпионатын былтыр ұйымдастыру құқығына ие болған Манама қаласы (Бахрейн) қабылдауы тиіс еді. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.
Инспекциялық сапарлар өткізіліп, спорт нысандарының дайындығы бағаланғаннан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Дүбірлі дода Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді. Айта кетейік, Қазақстан астанасында бұған дейін 2019 жылы да әлем чемпионаты өткен еді.
Турнирдің нақты кестесі мен жарысты өткізуге қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 22 мамыр 2026
Атыраудағы ұстаз өлімі бойынша қозғалған іс сотқа жетті
-
22:38, 22 мамыр 2026
«Қар, бұршақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 22 мамыр 2026
Жазушы, әдеби сыншы Әмірхан Меңдеке 70 жасқа толды
-
21:40, 22 мамыр 2026
Ақын Жадыра Дәрібаева «Парасат» орденімен марапатталды
-
20:51, 22 мамыр 2026
Астанада демалыс базаларындағы жалға берілетін үйлер алаяқтардың назарына іліккен





