Германияда велоспорттан Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырына көтерілді

19:15, 22 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияның Людвигсхафен қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз омниум дисциплинасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Илья Карабутов күміс жүлдеге ие болса, Максим Хорошавин қола жүлдегер атанды.

Бұл бәсекеде Германия өкілі Мориц Аугенштейн алтын медаль жеңіп алды.

Бұған дейін қос аяғынан бірдей айырылған альпинист Эверестті бағындырғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!