«Күн бір суып, бір жылиды». Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

18:29, 22 мамыр 2026

© Сурет: ЖИ көмегімен әзірленді

Синоптиктер Zakon.kz сайтына Алматы және Алматы облыстары бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері қалада күн салқын әрі жаңбырлы болады, бірақ аптаның соңына қарай ауа райы күрт қызып, сынап бағаны 28, 30 градусқа дейін көтеріледі.

"Қазгидромет" РМК 23-29 мамыр аралығында Алматы мен облыста қандай метеожағдайлар тіркелетінін айтты. Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, алдағы күндері қалада күн салқын және жаңбырлы болады, алайда көп ұзамай Алматыға жазғы ыстық ауа райы қайта оралады.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың хабарлауынша, бүгін және таяу түнде қалада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты нөсер жаңбыр жауады.

"Найзағай ойнап, ауа ылғалдылығының жоғарылауы және температураның айтарлықтай төмендеуі болжанады. 23 мамырға қараған түні сынап бағаны +8...+10 °C дейін төмендейді, ал күндіз күн райы тек +16...+ 18°C дейін қызады", - дейді синоптик.

Алайда, 24 мамырдан бастап ауа райы біртіндеп жақсара бастайды. Жауын-шашын тоқтап, құбылмалы ауа райы сақталады және ауа температурасы көтеріле бастайды.

Мәселен, Алматыда 24 мамырда түстен кейін сынап бағаны +20...+22°C дейін, ал 25 және 26 мамырда +23...+25 °C көтеріліп, жаздық ауа райы қалыптасады.

"Аптаның екінші жартысында атмосфералық процестер ықпалында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, 27 және 28 мамырда кей жерлерде жауын-шашын болып, секундына соққан желдің екпіні 15-18 метрге дейін көтерілуі мүмкін". Гүлтаңсық Медеуова

Соған қарамастан, күндіз сынап бағаны +27°C көрсетеді.

Аптаның соңына қарай Алматыда ауа райы тұрақтанып, 29 мамырда жауын-шашын тоқтайды, аспанда көшпелі бұлттар пайда болады, ал күн райы +28...+30°C дейін қызады.

  • 23 мамыр: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +16...+18°С.
  • 24 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +20...+22°С.
  • 25 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +21...+23°С.
  • 26 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
  • 27 мамыр: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +25...+27°С.
  • 28 мамыр: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +24...+26°С.
  • 29 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +28...+30°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары еліміздегі үш ірі қала бойынша 2026 жылғы 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!