Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бостандық ауданында Алматының дизайн-код талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда.
Биыл аудан аумағында 67 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл шаралар қалалық ортаның сыртқы келбетін жақсартуға, көшелердің эстетикалық деңгейін арттыруға және тұрғын үйлердің қасбеттерін кешенді түрде жаңартуға бағытталған.
"Қала әкімі Дархан Сатыбалдының "Қасбеттен қасбетке дейін" бастамасы аясында бірқатар маңызды міндет кешенді түрде шешілуде. Атап айтқанда, 60-70 жыл бұрын салынған тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту, қажет болған жағдайда шатырларын жөндеу, сондай-ақ қасбеттерді біріздендіріп, балкондар мен көшелерді бірыңғай сәулеттік стильге келтіру көзделген. Сонымен қатар жүргіншілерге жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Жұмыс барысында отандық табиғи материалдар пайдаланылуда. Олардың қатарында Жамбыл облысынан жеткізілетін табиғи гранит және Ақтау тасы бар. Бостандық ауданында жалпы 9 көшедегі 67 үйдің қасбеті жаңғыртылуда. Олардың қатарында Тимирязев, Абай, Сәтбаев, Масанчи, Розыбакиев, Жандосов, Мүсірепов, Сейфуллин және Жароков көшелері бар", – деді аудан әкімі Азамат Қалдыбеков.
Жөндеу жұмыстары кезінде заманауи қасбеттік материалдар қолданылады. Олардың ішінде травертин, гранит және алюминий композиттік панельдер (АКП) бар. Бұл материалдар қаланың бекітілген сәулеттік келбетіне толық сәйкес келеді.
Бүгінде 24 көппәтерлі тұрғын үйде жұмыс аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Розыбакиев көшесі, 250 мекенжайындағы үйдің қасбетін жөндеу жеке инвестор есебінен, бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар қалалық бағдарламаны іске асыру аясында тағы 23 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үйлер Бұқар жырау, Байсейітова, Масанчи, Мүсірепов көшелерінде, сондай-ақ әл-Фараби және Абай даңғылдары бойында орналасқан.
Мердігер ұйымдар қасбеттерді тазалау, апатты элементтерді бұзу, сылақ қабатын қалпына келтіру, кіреберіс бөліктерін жөндеу және заманауи қасбеттік жүйелерді орнату жұмыстарын атқарып отыр.
Масанчи көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйлерге ерекше назар аударылып отыр. Бұл үйлерде қасбетті жөндеумен қатар шатырларды да жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ уақыт пайдаланылғандықтан, шатырлардың тозуы байқалып, кей жерлерде су ағу жағдайы тіркелген. Осыған байланысты ғимараттардың әрі қарай тозуын болдырмау және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін кешенді жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың пікірі ескеріледі.
"Үйдің қасбеті жаңартылып, қабырғалары жылытылғаны ұнады. Сонымен қатар шатырдан суды ағызуға арналған жүйе қарастырылған. Бұрын қыста мұз сүңгілері жиі пайда болатын, бұл қауіпті еді. Біздің аумақта студенттер көп жүретіндіктен, алаңдайтынбыз. Қазір үйдің келбеті қатты өзгерді, өте әдемі болды. Әкімдікке алғыс білдіреміз", – дейді Масанчи көшесінің тұрғындары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 22 мамыр 2026
Көлік полицейлері шетелдік қонақтардың Қазақстанда қауіпсіз бағдар алуына көмектесуде
-
14:54, 22 мамыр 2026
Қос аяғынан бірдей айырылған альпинист Эверестті бағындырды
-
14:46, 22 мамыр 2026
Маңызды нысандардағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға өзгерістер енгізілді
-
14:28, 22 мамыр 2026
Гонконг, Макао және Сингапур: Қазақстан халықаралық келісімдердің маңызды кезеңін аяқтады
-
14:13, 22 мамыр 2026
Атырауға үш өңірдің полицейлері жиналды: қалада алыпқашпа сөз көбейіп, жұрт дүрлігуде





