Жүргіншілер жолағын ерекше кесіп өткен қазақстандық сот алдында жауап берді
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Павлодарда сот жаяу жүргіншілер жолағында акробатикалық трюк "колесо" жасаған бойжеткенге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жайлы істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылғы 16 мамырда сағат 18.00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен Академик Шөкин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Жолақты сәнді, алайда қауіпті түрде кесіп өту әдесі әлеуметтік желіде жылдам тарады.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаяу жүргіншілер өткелінде акробатикалық әрекеттерді орындау жол инфрақұрылымы нысанының мақсатына сәйкес келмейтіндігін атап өтті.
Сот бойжеткеннің әрекетінде қоғамдық тәртіпті бұзуда көрсетілген ұсақ бұзақылық белгілері бар деп таныды.
"Сот істің мән-жайын, кінәлі тұлғаның жеке басын, оның кінәсін мойындауын, жасаған іс-әрекетіне өкінуін, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, залалдың жоқтығын ескере отырып, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болуына байланысты, ауызша ескерту жасаумен шектеліп азаматша Г.-ны әкімшілік жауаптылықтан босатты",- делінген ақпаратта.
Осылайша, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 22 мамыр 2026
Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы туралы жаңа болжам жасады
-
11:33, 22 мамыр 2026
Ресей президенті ядролық үштіктің басты міндетін атады
-
11:27, 22 мамыр 2026
22 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:16, 22 мамыр 2026
Алматыда 25 жастағы тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті
-
11:09, 22 мамыр 2026
Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы ашылмай келген қылмыс әшкереленді





