Ақтауда пластикалық отаға жүгінген облыстық депутат комаға түсіп, қайтыс болды
© Фото: zakon.kz
Ақтауда Маңғыстау пластикалық хирургиялық клиника қызметіне жүгінген облыстық мәслихаттың депутаты Ербол Айтуов қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
49 жастағы мемлекеттік қызметшінің иек астына липосакция жасату үшін клиника қызметіне жүгінгені белгілі. Процедура 2026 жылдың 4 сәуірінде жүргізілген. Алайда, анестезия кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап қоя берген. Марқұмның жұбайы "Криминальный Қазахстан" басылымына берген сұқбатында тыныс алу жолдарына ауа дұрыс жіберілмегендіктен (арнайы құрылғы) ер адамның қан қысымы мен қант деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан ишемиялық инсульт туындап, соңы комаға түсумен аяқталған. Бір айдан кейін науқас қайтыс болды.
Сондай-ақ, марқұмның туыстары медициналық мекеме уақтылы көмек көрсетпегенін, науқастың нақты жағдайын жасырғанын да айтады.
Денсаулық сақтау министрлігінің жоспардан тыс тексеруі кезінде клиникада бірқатар бұзушылықтар анықталды. Операциялық блоктың толық көлемде жабдықталмағаны, медициналық жабдықтың бір бөлігінің қызмет ету мерзімі өтіп кеткені және анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету үшін қажетті қаражаттың болмағаны анықталды.
Сонымен қатар, медициналық мекеменің ересектерге анестезия және реанимациялық шаралар жүргізу бойынша лицензиясы болмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, пациенттің қарсы көрсетілімдері және талдаулардың толық тізімі қамтылмағанына қарамастан оның отаға жіберілгені анықталды.
Бұл материалдар ары қарай талдау үшін прокуратураға жіберілді.
Ербол Айтуов - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. 2023 жылдан бастап ол Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар комитетін басқарды.
Алматыда да осындай жағдайға ұқсас қайғылы оқиға тіркелді. 2026 жылдың 15 мамырында 53 жастағы кәсіпкер әйел Сәуле Базархан жеке клиникада қайтыс болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:31, 22 мамыр 2026
Астанада LRT-ға мінген оқушылар көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады
-
19:20, 22 мамыр 2026
Таеквондодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үшінші қола медальды қанжығалады
-
19:15, 22 мамыр 2026
Германияда велоспорттан Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырына көтерілді
-
18:57, 22 мамыр 2026
Құтқарушылар Алматы маңындағы тауға шұғыл аттанды
-
18:29, 22 мамыр 2026
«Күн бір суып, бір жылиды». Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы





