Банктердің жұмысына қойылатын талаптар жаңартылды
© Фото: Zakon.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен Банктік қызметті жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, талаптарға мыналар кіреді:
- банктік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы ережелерде қамтылуға тиіс мәліметтердің тізбесі;
- банктік қызметтер көрсету кезінде адал мінез-құлық қағидаттары;
- банктік қызметтер көрсету және банктік қызметтерді тұтынушыларға кеңес беру кезінде ақпаратты ашу тәртібі, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тыйым салған қызмет түрлерін қаржыландыру (несиелеу) туралы ақпаратты ашу тәртібі;жауапты кредиттеу тәртібі;
- жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шартын жасасу тәртібі, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, банктік салым шарты мен банктік шот шарты;
- банктік қызметтер көрсету кезінде жосықсыз тәжірибенің түрлері мен белгілері, сондай-ақ оларды анықтау тәртібі;төлем қабілетсіз банктік қызметтер тұтынушыларымен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алуға қатысты жауапты іскерлік тәжірибелер;
- банктік қызметтер көрсету процесінде туындайтын банктік қызметтер тұтынушыларының өтініштерін қарау тәртібі;
- банктік қызметтер тұтынушыларының қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыруға қойылатын талаптар;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаның банктік қарызын беру және оған қызмет көрсету кезінде алынатын комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі;тұтынушылық банктік қарыз мөлшері;
- клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ереже, оның ішінде:мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тәртібі, қаржы ұйымдары бөлімшелерінің мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарт талаптарын ескере отырып;
- сенім білдірілген тұлғаның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету ерекшеліктері.
Сонымен қатар, банктік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы ережелер әдеби тіл мен заң терминологиясының нормаларын сақтай отырып, қолданылатын терминдерге түсіндірме беріле отырып, анық, бірмәнді жазылуы және әртүрлі түсіндіруге жол бермеуі тиіс екені айтылған.
Банктің банктік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы ережелері мынадай мәліметтер мен рәсімдерді қамтиды:
- қабылданатын депозиттердің және берілетін банктік қарыздардың (бұдан әрі – қарыз) шекті сомалары мен мерзімдері;
- депозиттер мен қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемдері;
- депозиттер мен қарыздар бойынша сыйақы төлеу шарттары;банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- банктік операцияларды жүргізуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті көлемдері;банктік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;
- Талаптардың 9-тарауында көзделген талаптарды ескере отырып, банктік қызметтер көрсету процесінде туындайтын банктік қызметтер тұтынушыларының өтініштерін қарау тәртібі;банк пен банктік қызметтер тұтынушысының құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
- ислам банкі мен банктік қызметтер тұтынушысының құқықтары мен міндеттері, ислам банкінің банктік операцияларын жүргізу шарттары және оларға байланысты тәуекелдер;
- банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі, оның ішінде банктік шоттардың түрлері (шот валютасын көрсете отырып), шоттар бойынша операцияларды шектеудің негіздері мен тәртібі;
- депозиттер қабылдауға байланысты қаржылық өнімдерді ұсыну шарттары, оның ішінде банктік салым шарттарын жасасу тәртібі мен мерзімдері, сыйақыны есептеу және төлеу шарттары, мерзімінен бұрын бұзу шарттары мен тәртібі;
- банктік қарыз операцияларына байланысты қаржылық өнімдерді ұсыну шарттары, оның ішінде банктік қызметтер тұтынушысы үшін қарыздың жарамдылығын бағалау тәртібі, шартты жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі мен мерзімдері, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсіліне қойылатын талаптар, қарыз беру және өтеу тәртібі, төлем қабілетсіз банктік қызметтер тұтынушысымен (қарыз алушымен) өзара іс-қимыл жасау тәртібі, оның ішінде кепіл нысанасына өндіріп алу рәсімдері;
- банктік қызметтер тұтынушыларымен жұмыс істеу тәртібі туралы ережелер;
- банк пен банктік қызметтер тұтынушысы арасындағы келіспеушіліктерді реттеу кезінде банктік қызметтер тұтынушысымен және банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
- банк директорлар кеңесі банктік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттарына енгізу қажет деп санайтын өзге де шарттар, талаптар мен шектеулер.
Банктік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы ережелерде қаржы ұйымдары бөлімшелерінің мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарт талаптарын ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тәртібі туралы бөлім, сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері қамтылады. Бұл бөлімде:
- өзара іс-қимыл ерекшеліктері;ақпарат алудың қолжетімді нысандары;сенім білдірілген тұлғаның қатысуы көзделеді.
Қаулы 2026 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, кейбір тармақтарды қоспағанда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:19, 22 мамыр 2026
Астанада үсік жүріп, Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте +27°С-қа дейін ыстық күтіледі
-
16:06, 22 мамыр 2026
Жиһаз жасатамын деп алданып қалсаңыз не істеу керек
-
15:53, 22 мамыр 2026
22 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы төмендеді
-
15:23, 22 мамыр 2026
Астанада маңызды даңғылдар жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
-
15:07, 22 мамыр 2026
Көлік полицейлері шетелдік қонақтардың Қазақстанда қауіпсіз бағдар алуына көмектесуде





