Еңбек министрлігі еліміздегі шетелдіктер үшін маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: gov.kz
Қазақстанда көші-қон әлеуетін бағалаудан өту кезіндегі заңсыз делдал қызметтің алдын алу бойынша жұмыстар өз жалғасын табады. Бұл ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 22 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство көші-қон әлеуетін критериалды бағалаудан өту кезінде жекелеген тұлғалардың шетелдік азаматтарға ақылы делдалдық қызмет көрсету жағдайларын назарда ұстайтынын нақтылайды:
"Ведомство бағалау рәсімі тек қана жеке тәртіппен жүргізілетінін және өтініш берушінің бейімделу, кәсіби әрі интеграциялық әлеуетін объективті түрде анықтауға бағытталғанын еске салады. Бағалаудан өту делдалдарды тартпай, шетелдік азаматтың жеке өзінің қатысуын көздейді. Рәсімге араласудың кез келген әрекеті, соның ішінде дайын жауаптарды ұсыну, бағалаудан өту кезінде көмектесу немесе ақшалай сыйақы үшін "кепілдендірілген" нәтижеге уәде беру белгіленген ережелерге қайшы келеді".
Еңбек министрлігі барлық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету, шетелдік азаматтарды жаңылыстыру жағдайларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылатынын баса айтады
"Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру және ресми емес делдалдарға жүгіну белгілі бір құқықтық тәуекелдерге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз. Шетелдік азаматтарға тек ресми ақпарат көздерін пайдалану және қолданыстағы талаптарға сәйкес бағалаудың барлық кезеңдерінен дербес өту ұсынылады. Нәтижелер өтініш берушінің жеке мәліметтері мен дайындық деңгейі негізінде қалыптасады". ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі
Бұл саладағы бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жалғасатын болады.
Бұған дейін Қазақстанда шетелдік мамандарды тартудың жаңа тетіктері әзірленгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 22 мамыр 2026
Алматының орталығында жазғы алаңы бар заңсыз дәмхана сүрілді
-
17:20, 22 мамыр 2026
«Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
16:58, 22 мамыр 2026
Қазақстандықтарды көбіне қай салаларда алдайды
-
16:45, 22 мамыр 2026
Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
-
16:32, 22 мамыр 2026
Түркістанда өзінің дизайн-коды пайда болады





