Ресейлік бойжеткен «мүгедектігіне байланысты» зергерлік дүкеннен жұмыстан шығып қалған

13:22, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Мурманск қаласында мүмкіндігі шектеулі 19 жастағы қызды "сырт келбеті тартымсыз" деген себеппен зергерлік дүкеннен жұмыстан шығарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карина қолының жоғарғы бөлігіндегі туа біткен ақауына байланысты үшінші топтағы мүгедек саналады. Соған қарамастан, ол толықтай еңбекке қабілетті.

Сурет: Telegram/Мурманск сейчас

Желтоқсан айының басында Карина жергілікті сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан зергерлік дүкенге сатушы-кеңесші қызметіне өтініш берген. Ол жұмыс берушіге өзінің ерекшелігі туралы бірден ескерткен. Басшылықтан "бұл мәселе емес, ең бастысы – сата білу қабілеті" деген жауап алған. Бұл туралы бойжеткен "Мурманск сейчас" Telegram-арнасына айтып берді.

18 желтоқсанда Карина тағылымдамадан өткен, алайда бір сағаттан кейін директор оны өзіне шақырып, "өз еркімен" жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. Кейіннен директор бойжеткенге дауыстық хабарлама жіберіп, көңілін түсірмеуді сұраған.

Қыздың айтуынша, еңбек шартына қол қоймас бұрын ол дүкеннің басқарушысымен екі-үш рет кездескен.

"Құжат рәсімдеу мен тағылымдамаға екі апта уақытым кетті. Ал қазір, Жаңа жыл қарсаңында табыссыз қалдым", – дейді Карина.

Каринаның оқиғасы БАҚ-та жылдап тарап кетті, осыдан кейін дүкен өкілдері онымен байланысып, кешірім сұраған. Мұнымен қоса, қашықтан жұмыс істеуді ұсынған. Алайда қыз әзірге бұл ұсынысқа келіспегенін айтты.

Бұған дейін Лондондағы кәрізден салмағы 100 тонна болатын "майлы айсберг" табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!