Президент: жасанды интеллектіні дамыту – экономикалық идеологияның негізгі тірегі
© Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ЖИ негізінде цифрландырудың бірқатар басты міндеттерін атап көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Үкіметтің алдында уақыт оздырмай шешетін бірқатар міндет бар.
"Атап айтқанда, тұрақты әрі қалыпты инфляция көрсеткішін және мемлекет қаржысының теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ былтырғы Жолдауымда жарияланған жаңа инвестициялық кезеңді толығымен жүзеге асыру". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның сөзінше, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу көмекші қызмет атқарумен шектелмей, экономикалық дамудың басты арқауы болуы керек.
"ЖИ негізінде цифрландырудың бірқатар басты міндеттерін орындау қажет. Бұл – еңбек өнімділігін арттыру, экономиканың экспортқа бағдарланған секторларын қалыптастыру, қосылған құны жоғары өнім шығару және Қазақстанды жаһандық цифрлық экономика тізбегіне кіріктіру". Мемлекет басшысы
Жаңа инвестициялық кезеңді іске асыру еліміздің индустрия, энергетика, көлік салаларындағы заманауи жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектіні дамыту, бұл – ұран емес, бұл экономикалық идеологияның негізгі тірегі, тіпті ұлттық идеологиямыздың мызғымас тұғыры болуға тиіс. Осындай жауапты сәтте дұрыс, батыл әрі тиімді шешімдерді дер кезінде қабылдау өте маңызды. Шынайы өмірге түк қатысы жоқ "құрғақ" ұсыныстар беру, қысқасы, нәтижесі жоқ іспен айналысу мүлдем болмауы қажет. Бүкіл мемлекеттік аппарат нақты нәтижеге жету үшін жұмыс істеуі керек және оның игілігін бүкіл қоғам көруге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басқанын мәлімдеп, Конституциялық комиссия жайлы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 10 ақпан 2026
Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек – Президент
-
13:38, 10 ақпан 2026
Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек – Тоқаев
-
13:34, 10 ақпан 2026
Тоқаев жыл соңына дейін ЖИ көмегімен автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды
-
13:30, 10 ақпан 2026
Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет
-
13:27, 10 ақпан 2026
Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды – Президент теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды





