Президент: Жаңа Салық кодексінің тиімді енгізілуі – экономиканың дамуына кепіл
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Салық кодексі мен салық-бюджет саясатына қатысты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы салық жүйесінің теңгерімді әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған болуын басты міндет деп атады.
"Жаңа Салық кодексінің тиімді енгізілуін қамтамасыз ету керек. Жаңа салық-бюджет саясаты экономикаға орнықтылық әкеліп, халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс", – деді Президент.
Тоқаев биыл күшіне енген Салық кодексінің экономикадағы ашықтық пен тәртіпті күшейтуге ынталандыратынын атап өтті. Экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі іске қосылғаннан бері 180 мыңнан астам жаңа салық төлеуші заң аясында әрекет ете бастаған.
"Үкіметтің бағалауынша, салық реформасының нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түседі. Жоспар, әлбетте, сенім ұялатады. Бірақ қайталап айтамын: белгіленген көрсеткіштерге шамадан тыс салық салу, бизнесті заңсыз немесе негізсіз қыспаққа алу арқылы жетуге болмайды. Бюджетті тиімді салықтық әкімшілендіру арқылы толықтыруға болады", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кірісу қажеттігін де атап өтті. Бұл қадам экономиканы дамыту мен бюджет түсімін арттырудың негізгі кепілі болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 10 ақпан 2026
Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек – Президент
-
13:38, 10 ақпан 2026
Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек – Тоқаев
-
13:34, 10 ақпан 2026
Тоқаев жыл соңына дейін ЖИ көмегімен автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды
-
13:30, 10 ақпан 2026
Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет
-
13:27, 10 ақпан 2026
Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды – Президент теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды





