Президент мәслихат депутаттарының басты міндеттерін еске салды

11:56, 3 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

2024 жылғы 3 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумында мәслихаттар жалпыұлттық міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосуы керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, былтыр оның төрағалығыммен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген кеңеске көптеген депутаттар қатысты.

"Мұндай жиын алдағы уақытта да өтіп тұрады. Себебі реформаларды өңірлерде іске асыруда мәслихаттардың орны айрықша. Мәслихаттардың мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруға етене араласуы, өздері түрлі бастама көтеруі маңызды. Осы орайда Amanat партиясының қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ерекше атап өткім келеді." Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің пайымдауынша, жастарға, әйелдерге, кәсіпкерлерге, зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету, халықтың қарыз жүктемесін азайту, ауыл тұрғындарының кірісін арттыру, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару, экологиялық, қаржылық сауаттылықты жетілдіру, сондай-ақ қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыру сияқты жобалар – айрықша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер.

"Мен Үкіметке "Қарызсыз қоғам" және "Ауыл аманаты" секілді партиялық жобалардың ауқымын кеңейтуге көмектесуді тапсырдым. Мемлекет адал еңбегімен тұрмысын жақсартуға дайын жандарға әрқашан қолдау көрсетеді. Бұл "Адал еңбек – Адал табыс" қағидасына толық сәйкес келеді және Әділетті Қазақстан құрудың негізгі факторларының бірі. Сондықтан келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым. Осы арқылы қоғамда еңбек құндылығы мен кәсіби біліктіліктің орнығуына ықпал етеміз деп сенемін". Мемлекет басшысы

Бүгін, 2024 жылдың 3 қазанында Астанада "Аманат" партиясының бастамасымен ұйымдастырылған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтуде.

2024 жылдың 29 маусымында "Аманат" партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Оның жұмысына 3 мыңға жуық адам қатысты, оның 2,5 мыңы жергілікті өкілді органдардың Аманат депутаттары немесе елдегі барлық мәслихаттар депутаттарының 77 пайызға жуығы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!