Астанада автобөлшектер сату туралы өтірік жарнама беріп, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды

17:31, 2 қазан 2024

© Сурет: pexels

"Коlesа.kz" сайтына автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландыру жариялап, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің 2024 жылы 2 қазанда таратқан хабарламасына сәйкес, ол автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыра отырып, жәбірленушілерге банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберген. Ал ақша түскеннен кейін алаяқ телефон қоңырауларына жауап беруді кілт доғарған.

Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

"Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді", делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!