Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрерменге жол тартады
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Qajymuqan" фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген.
"Қажымұқан Мұңайтпасов – бүкіл әлем мойындаған қазақтың даңқты балуаны, күрестен әлем чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ. Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады", делінген хабарламада.
Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 9 мамыр 2026
Астанадағы Grand Slam турнирі: Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншіледі
-
17:53, 9 мамыр 2026
Жеңіс күні: Батыс Қазақстан облысының әкімі майдангерлерге президенттің құттықтауын жеткізді
-
17:42, 9 мамыр 2026
Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 9 мамыр 2026
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде «алтынға» таласады
-
16:40, 9 мамыр 2026
Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті





