Ақтөбеде көлікті мас күйде тізгіндеген әйел жауапқа тартылды

15:58, 3 қазан 2024

© Фото: pexels

Ақтөбе қаласының Жаңақоныс тұрғын алабында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Mercedes Benz C300 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде осы көлікті басқарған 30 жастағы әйелдің жай-күйі күдік тудырды.

Жүргізілген сараптама оның масаң күйде екенін көрсетті.

Анықталғандай, аталған жүргізуші әйел осы жылдың қыркүйегінде көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылған.

Көлікті алкогольдік мас күйінде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!