Абай облысында полицейлер 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады
© Сурет: pixabay
"Қарасора" және "Учаске" ЖПІШ барысында полицейлер Семей қаласының маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды. Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты.
"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хбарламасында.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:16, 2 қазан 2024
Алматыда жол апатына түрткі көлік тізгініндегі бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты
-
20:56, 2 қазан 2024
Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
-
20:05, 2 қазан 2024
Алматы облысында ірі есірткі зертханасының көзі жойылды
-
19:57, 2 қазан 2024
Қос азаматтығы бар тоғыз шетелдік Қазақстаннан қуылды
-
19:51, 2 қазан 2024
Қазақстан мен Түркия діни білім беру мәселесін министрлік деңгейінде талқылады