Алматыда жол апатына түрткі көлік тізгініндегі бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты

21:16, 2 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

2 қазанда Алматыда Қабылов пен Бейімбетов көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Салдарынан бір бойжеткен зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes-Benz маркалы автокөлік Қабылова көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жол қиылысына келгенде оның алдынан күтпеген жерден Toyota RAV4 маркалы көлік атып шығады.

Жол апаты, Алматы, бойжеткен, аурухана, Toyota RAV4., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 21:16

Сурет: Zakon.kz

Toyota тізгініндегі бойжеткен Бейімбетов көшесімен келе жатып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, қарсы жатқан көшені кесіп өтпек болған. Mercedes-Benz-тің жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін барынша әрекеттенген, бірақ онысынан түк шықпады.

Жол апаты, Алматы, бойжеткен, аурухана, Toyota RAV4, Қабылов көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 21:16

Сурет: Zakon.kz

Салдарынан Mercedes-Benz Toyota-ны бір бүйіріне қарата капотына салып алып, бірнеше метрге сүйрей, ақыры электр бағанына апарып "жапсырған". Жол апаты салдарынан Toyota тізгініндегі бойжеткен зардап шекті. Ол ауруханаға түсті.

Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!