Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау тізгін қақты
© Сурет: gov.kz
Талантты авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін "Ерлік пен еңбек дастаны" байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі саланың мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.
Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.
"Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді", деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.
Айта кетсек, 10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Qajymuqan" фильмі көрсетіле бастайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 2 қазан 2024
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2024: Талғат Орынбасар қола медаль иеленді
-
18:31, 2 қазан 2024
Қостанайда жеделсатыдағы үнпарақты шималаған тұрғын 185 мың теңге айыппұл арқалады
-
18:22, 2 қазан 2024
Синоптиктер бірқатар өңірде күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертеді
-
18:02, 2 қазан 2024
Астана маңындағы ауылдардың бірінде 14 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды
-
17:51, 2 қазан 2024
Абай облысында полицейлер 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады