Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15:31, 3 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!