Президент Әмірбек Оспанбековты қызметінен босатты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірбек Оспанбековты Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатты.
Бұл туралы 2026 жылғы 30 маусымда Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды", – делінген сейсенбі күні жарияланған ресми хабарламада.
Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков 1982 жылғы 29 қарашада дүниеге келген.
2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын заңгер мамандығы бойынша, ал 2012 жылы "Тұран-Астана" университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000–2007 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
2007–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды.
2010–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі бас консультанты қызметін атқарды.
2013–2019 жылдары Сенат Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары болды.
2022 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 30 маусым 2026
Димаш Құдайберген қарындасына арналған әннің шығу тарихымен бөлісті
-
16:50, 30 маусым 2026
Сәулет және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету ережелері жаңартылды
-
16:41, 30 маусым 2026
Астанада құрылыс нысанынан 2 млн теңгенің құрал-саймандарын ұрлаған күдікті ұсталды
-
16:37, 30 маусым 2026
Алматы хайуанаттар бағында Амазонкадан шыққан көне балық таныстырылды
-
16:24, 30 маусым 2026
Тіркеусіз болмайды: Алматыда полиция электр көлігі иелеріне маңызды ескерту жасады





