Алматы хайуанаттар бағында Амазонкадан шыққан көне балық таныстырылды
© Сурет: wikimedia/Jeff Kubina
Алматы хайуанаттар бағы тіршілік иелерімен таныстырылымды жалғастыруда. Бұл жолы көпшіліктің назарына планетадағы ең көне балықтардың бірі әрі Амазонка өзенінің алып тұрғыны – арапайма ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хайуанаттар бағының мәліметінше, табиғатта арапайма ұзындығы 3 метрге дейін өсіп, салмағы 200 келіге дейін жетеді.
"Арапайманың қабыршағы жануарлар әлеміндегі ең берік қорғаныстардың бірі саналады. Ол соншалықты мықты болғандықтан, балықты тіпті пираньяның өткір тістерінен де қорғай алады. Сондықтан ғалымдар заманауи қорғаныс материалдарын жасау кезінде арапайма қабыршағының құрылымын зерттеп жатыр. Ал ең таңғаларлығы – арапайма атмосфералық ауамен тыныс ала алады. Ол тек желбезекке ғана сүйенбей, белгілі бір уақыт сайын су бетіне көтеріліп, қатты дыбыспен ауа жұтып, қайтадан суға сүңгиді. Бұл дыбыс шапалақ соққандай немесе қатты жөтелгендей естіледі және алыстан анық естіледі", – деп жазылған хайуанаттар бағының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қоректену кезінде арапайма алып аузын лезде айқара ашып, күшті су ағынын тудыра отырып, жемтігін бірден ішіне тартып алады.
"Сол себепті оны қоректендіру кезінде өте қатты әрі өткір дыбыс шығады. Бассейнде арапайма өзін нағыз қожайындай сезінеді. Ол кеңістіктің басым бөлігін иеленсе, көршілері – жуас мінезді қара паку балықтары бассейннің қарама-қарсы жағында жүргенді жөн көреді", – деп атап өтті хайуанаттар бағының мамандары.
Айта кетейік, арапайма немесе алып арапайма – аравана тұқымдасына жататын тропикалық тұщы су балығы. Денесінің көне құрылымына байланысты оны "тірі қазба" деп те атайды. Бұл ерекше балық Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзені алабында, атап айтқанда Бразилия, Гайана және Перу аумақтарында мекендейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 30 маусым 2026
Голландияда марокколық жанкүйерлердің жеңіс тойы жаппай тәртіпсіздікке ұласты
-
17:27, 30 маусым 2026
Ұрланған көлікке ұрынған тараздық сот арқылы 6,5 млн теңгесін өндіріп алды
-
17:18, 30 маусым 2026
«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр». Еліміз бойынша 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
16:55, 30 маусым 2026
Димаш Құдайберген қарындасына арналған әннің шығу тарихымен бөлісті
-
16:50, 30 маусым 2026
Сәулет және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету ережелері жаңартылды





