Қазақстанда 250 мыңға жуық оқушы орны жетіспейді: Оқу-ағарту министрлігі мектеп тапшылығы туралы мәлімдеді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 29 маусымда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов еліміздегі оқушы орындарының тапшылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, министрлік бұл мәселені шешу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
"Қазіргі таңда еліміз бойынша оқушы орындарының тапшылығы 248 мыңды құрайды. Соңғы екі жылда біз "Келешек мектептері" жобасын жүзеге асырдық. Оның аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды", – деді Жайық Шарабасов.
Вице-министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш оқушы орындарының тапшылығы біртіндеп азайып келе жатқанын дәлелдейді.
"Биыл 50 мың оқушы орнына арналған 90-нан астам мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қосымша тетік ретінде жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылуда", – деп атап өтті Жайық Шарабасов.
Бұған дейін Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландырудан айырылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 29 маусым 2026
Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілді
-
18:23, 29 маусым 2026
Астанаға кіреберісте есірткі курьері ұсталды
-
18:06, 29 маусым 2026
30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады
-
17:50, 29 маусым 2026
Тоқаев Грузия премьер-министрін қабылдады: тараптар не туралы келісті
-
17:50, 29 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді





