Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық өріп жүрген: иесіне айыппұл салынды

13:52, 15 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

4 маусымда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған "Тандырный дворик" дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.

"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", - деп хабарлады басқарма.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне және 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.

Ол 250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!