Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің жартылай финалына шықты

21:40, 21 маусым 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемдегі WTA 250 турнирінің ширек финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:7, 6:1 есебімен жеңді.

Путинцева 2 сағаттан аса уақытқа созылған матч кезінде бір эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді, сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!