«Астананы қара түтін басты». Элиталы көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды
© Сурет: Zakon.kz
Төтеншеліктер елордадағы элиталы көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отқа оранған Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені Тұран даңғылы, 37/9 мекенжайында орналасқан. Бұл - шамамен "Хан Шатыры" сауда ойын-сауық орталығының маңы.
Қалалық ТЖД оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатқанын хабарлады.
"22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткеннен кейін тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Құтқарушылар ғимаратта қалып кеткен адамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 28 қыркүйек 2024
Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік питонды алып өтпек болған
-
15:46, 28 қыркүйек 2024
Астанада иесіз қалған үй өртеніп кетті
-
15:28, 28 қыркүйек 2024
Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
-
15:28, 28 қыркүйек 2024
Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыро
-
14:53, 28 қыркүйек 2024
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектебінде мұғалімдер бұрыш спрей шашқан