Президент Мемлекеттік күзет қызметі бастығының өкілеттігін кеңейтті

16:06, 21 маусым 2024

© Сурет: ҚР МКҚ

Президенттің 2024 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығына жаңа өкілеттіктер қосылды:

  • жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, ҚР заңнамасында белгіленген квоталар шегінде жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді.

Сондай-ақ, бастық ведомствоның, Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін (жарғыларын), құрылымы мен штатын бекітетіні нақтыланады.

Жарлық 2024 жылдың 20 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!