Екібастұзда кеніште өрт шықты

17:57, 21 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Екібастұзда кеніште өрт шықты. Қатты жалынды сөндіруге алты сағаттай уақыт кетті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусымда сағат 14:45-те "Шығыс" көмір кенішінің № 2 өндіру жұмыстарының 3/1 учаскесінің көтергіш конвейерінің таспасы жанып кеткені туралы хабарлама түскен.

Өрт сағат 16:00 оқшауланып, 20:40-та сөндірілді. Оқиға орнында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің үш техникасы мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, кеніштің екі су тасығыш көлігі, ерікті өрт сөндіру жасағы жіберілді.

Өрт конвейердің іске қосылған және жұмыс істемейтін таспасында шыққан болатын. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!