Астанада Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады

15:36, 22 маусым 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

23-24 маусым аралығында Астанада Сарыарқа даңғылы Абай даңғылынан Сейфулин көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылынан Сәкен Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде Сарыарқа даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын нақтылайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Бұған дейін Астанада бүгіндері жабық жол учаскелерінің тізімі жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!