Астанада күтуші екі жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді

20:49, 21 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазнетте Астанада екі жасар баланың өлімі туралы ақпарат тарады. Сәбидің күтушісі кісі өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Zakon.kz тілшісіне Астана полиция департаменті растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Баланың тұншығып, қайтыс болғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!