Павлодар облысында 16 жастағы қызды көлік қағып кетті
© Сурет: pixabay.com
Ақсуда 16 жастағы қызды көлік қағып кетті. Ол иық сүйегінің жабық жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 маусымда сағат 19:11-де Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен 2008 жылы туған қыз жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Кезекші травматологтардың қаралуынан кейін сол жақ иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы деген диагнозы қойылды", - деп хабарлады аурухана.
Қыз травмотологиялық бөлімшесінде ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағалайды.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Анықталғандай, NISSAN PRIMERA маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:53, 28 қыркүйек 2024
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектебінде мұғалімдер бұрыш спрей шашқан
-
14:10, 28 қыркүйек 2024
Ұлттық банк ғылымды дамытуға ден қоймақ
-
13:40, 28 қыркүйек 2024
Астанада Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
-
13:17, 28 қыркүйек 2024
Жамбыл облысында көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды
-
12:57, 28 қыркүйек 2024
Головкин Бас прокуратурамен меморандум жасады