Ақтауда бүтін бір ықшам аудан қоршауға алынған – полиция түсініктемесі
© Сурет: pxhere
Ақтау қаласының тұрғындары 21-22 маусым аралығында жол полицейлерінің көлік жүргізушілерін жаппай тексеруіне алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындары 21-інен 22 маусымға қараған түні 7 ықшам ауданды құқық қорғау органдары толықтай қоршауға алғанын айтуда. Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық ПД түсініктеме берді, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.
"Мұның себебін білетіндер бар ма? Ықшам ауданға кіріп-шыққандардың барлығының жүк салғышы мен салонын еш себепсіз тексеріп жатыр", - деген жүргізушілердің бірі басылымның тілшісіне.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қазіргі уақытта қаланың барлық ықшам аудандарында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы пысықталып жатқанын нақтылады. Шара барысында құжаттарға, сондай-ақ қару мен есірткінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:31, 13 желтоқсан 2025
Конькимен жүгіруден Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
-
19:19, 13 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншы Аустриядағы ӘКМ кезеңінде айтулы нәтижеге қол жеткізді
-
19:14, 13 желтоқсан 2025
Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
-
17:35, 13 желтоқсан 2025
Бас прокуратурада қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды
-
17:21, 13 желтоқсан 2025
Жексенбіде Астана, Алматы және бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды





