Павлодарда көшеде әйел адам жасөспірім қызды соққыға жыққан
© Сурет: Zakon.kz
Күндіз Павлодар қаласының орталығында 13 жасар қыз соққыға жығылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел адам мектеп оқушысына артынан тұтқылдан келіп шашына бас салған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлер ересек әйелдің жасөспірімнің артынан келіп, шашынан ұстап жерге құлатқанын айтады. Оқыс оқиға 11 шілдеде болды. Сондай-ақ, мектеп оқушысы жеті жасынан бастап белгілі бір дерттен емделуде, соған қарамастан ол сабағын жақсы оқиды, көпшіл, ешкімге өшпенділігі жоқ.
Аталған жағдайға байланысты Палодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева түсініктеме берді:
"Көшеде кәмелетке толмаған баланың денесіне зақым келтірді деп күдікті әйелдің жеке басын полиция анықтайтын болады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 109-1-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ұрып-соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды".
Сондай-ақ, балалар омбудсменінің айтуынша, барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жәбірленуші қызға психологтың көмегі ұсынылды.
Бұған дейін Жетісу облысында полицейлер суға секіріп кеткен қызды құтқарған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:18, 15 шілде 2026
Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
11:53, 15 шілде 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: нөсер жаңбыр мен +46 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі
-
11:48, 15 шілде 2026
15 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:32, 15 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
-
11:24, 15 шілде 2026
Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім





