Бірден 65 адам уланған Алматы маңындағы дәмханаға тексеріс аяқталды - мамандар нені анықтады

11:41, 28 шілде 2026
MKZ: 1558371

© Фото: pexels

Алматы облысында осыдан бір ай бұрын 65 адамның нақты неден уланғаны белгілі болды. Боралдай ауылы тұрғындарының фастфуд жегеннен кейін жүрегі айнып, қызуы көтерілген. Кейін 36 адам бірден ауруханаға жатқызылған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, тұтынушылар тапсырыс берген дәмхана осы күнге дейін суши, пицца мен чикен дайындайтын танымал орталық болған. Алайда санитария- эпидемиология сараптамаcының нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық анықталыпты. Ас үйдегі ыдыс аяқ пен пышақтардан ішек таяқшасы бактериялары шыққан. Технология талаптары да сақталмаған. Мамандар тамаққа қолданылатын өнімдердің еденде жатқанын да айтады. Қазір бұл ғимарат жұмысын тоқтатқан. Ал зардап шеккендердің барлығы ауруынан құлан-таза жазылды.

"Санитария-эпидемиология қызметінің қаулысымен, суши-барының қызметі тоқтатылды, қауіпті өнім айналымнан алынып, жойылды. Инфекция тасымалдаушысы болып табылатын қызметкерлер мен медициналық тексеруден өтпеген адамдар жұмыстан шеттетілді. Материалдар құзыреті бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Зардап шеккендердің барлығы денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды". Алматы облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті:

Бұған дейін Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!